Допинг дауына іліккен Арман Оспанов ACB ұйымымен келісімшартқа отырды
АСТАНА. ҚпазАқпарат - Допинг дауына іліккен Арман Оспанов ACB ұйымымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық файтер Арман Оспанов ACB (Absolute Championships Berkut) ұйымымен ресми түрде келісімшартқа отырды. Бұл жайлы Аlash pride жекпе-жек клубының Инстаграмдағы ресми парақшасындп жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін WSOF ұйымы допинг дауына байланысты Арман Оспановпен келісімшартын үзген еді.
Ол туралы WSOF басшысы Рей Сефо Insta-парақшасында ресми түрде жарияланған. Онда, 2016 жылдың жазында FIAS антидопингтік агенттігі Арманның қанында допинг табылғанын жариялап, оны спорттан 4 жылға (2019 жылдың 4 желтоқсанына дейін) шеттеткені туралы мәлім болған. Осы шулы оқиғадан кейін Қанат Ислам Оспановқа «Ринг сыртында да күрес бар, жасыма», - деп достық лебізін жеткізген еді .