Допинг дауына іліккен қазақстандық биатлоншылар жарысты 11-орынмен аяқтады

АСТАНА. ҚазАҚпарат - Австрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында допинг дауына іліккен қазақстандық биатлоншылар жарысты 11-орынмен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Допинг дауына іліккен қазақстандық биатлоншылар жарысты 11-орынмен аяқтады

Аралас эстафетадан (2х6 шақырым әйелдер+2х7,5 шақырым ерлер) қазақстандық квартет мәреге 11-ші болып жетті. Эстафетада Қазақстанның намысын Ольга Полторанина, Анна Кистанова, Максим Браун және Ян Савицкий қорғады.

Бұл сында бас жүлдені неміс спортшылары қанжығасына байласа, күміс жүлде франциялық спортшылардың еншісінде. Ал үздік үштікті Ресей спортшылары түйіндеді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Хохфильценде австриялық полиция биатлоннан Қазақстан құрамасы тұрып жатқан жерді тінтіп, көптеген медициналық құрылғылар мен тыйым салынған фармакологиялық дәрі-дәрмектер табылып, тәркіленіп, дерек бойынша тергеу жұмыстары басталғанын хабарлаған болатынбыз . Қазіргі уақытта табылған дәрі-дәрмектер Австрияның допингке қарсы ұлттық агенттігіне жіберілді.