«Допинг» іс-шарасы барысында есірткімен байланысты 14 заңсыздық анықталды - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйғарымымен Ақмола облысы аумағында өткізілген «Допинг» іс-шарасының алғашқы күнінде есірткімен байланысты 14 заң бұзушылық анықталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық департамент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Апталық іс-шараның басты мақсаты - заңсыз есірткі айналымының алдын алып, жат қылықтан арылту болып табылады. Полиция қызметкерлері қоғамдық өкілдер, халық жасақшылары, жастар бірлестіктерінің қолдауымен өткізген рейд кезінде қылмыстық әрекетке сәйкес 7 оқиға анықталып, үш іс әкімшілік жауапкершілікке берілген, 4-уі бойынша тергеу жұмыстары қолға алынған. Заңсыз айналымнан салмағы 400 грамм есірткі заты алынды. ҚР ҚК-сінің 259-шы бабының 1-ші, 2-ші тармақтары бойынша 4, ҚР ҚК-сінің 265-ші бабына сәйкес 2 қылмыстық іс қозғалды. Шара барысында жүйкеге әсер ететін дәрі-дәрмекті сатудың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізілмек.