Допинг-сынақ: Бауыржан Исламханның қанынан тыйым салынған препарат табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Ұлттар лигасы ойындарына қатыспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның футбол федерациясы таратқан мәліметке сәйкес, ұлттық құраманың бірнеше негізгі ойыншысы алдағы матчтарға қатыса алмайды. Олардың қатарында Бауыржан Исламхан да бар.

«Жарақаттарына байланысты жартылай қорғаушылар Бактиёр Зайнутдинов, Серікжан Мужиков, Думан Нәрзілдаев, сонымен қатар орталық қорғаушы Сергей Малый ұлттық құраманың қатарына келе алмады. Денсаулықтарына байланысты алдағы ойындарға қорғаушы Темірлан Ерланов пен жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген қатыспауы мүмкін. Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан да көмекке келе алмайды. Азия Чемпиондар Лигасының ойынынан кейін футболшының тапсырған допинг-сынағынан тыйым салынған препарат табылған. Ол уақытша ресми ойындарға қатыспайды» делінген Қазақстан футбол федерациясының хабарламасында.

Ұлттар лигасы кездесуіне Беларусь елінің «Рух» командасында ойнайтын жартылай қорғаушы Владислав Васильев те қатыспайтын болды. Футболшының Covid-19 тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен.

Бас бапкер қосалқы тізімнен орталық алаңда ойнайтын жартылай қорғаушылар Аслан Дарабаев пен Юрий Перцух, шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбайды шақыртты.

Соңғы жаңалықтар