10:43, 20 Сәуір 2022 | GMT +5
Допингке қарсы қауымдастық Головкин-Мурата жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Допингке қарсы ерікті қауымдастық (VADA) Геннадий Головкин мен Риота Муратаның 9 сәуірдегі жекпе-жегі сынақтан сәтті өткенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Головкин мен Мурата арасында орта салмақтағы WBA Super және IBF титулдары үшін жекпе-жегі Сайтамада (Жапония) өтті. GGG қарсыласын техникалық нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.
Бұған дейін VADA боксшылардың тыйым салынған заттары бар-жоғын анықтайтын тексерістен өткенін хабарлаған болатын. Тестілеу екі спортшының да «таза» екенін растады.