09:57, 03 Сәуір 2016 | GMT +5
Допингті жаппай тағайындаған британдық дәрігер айыпталуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Sunday Times газеті спорттық көрсеткіштерді арттыруға көмектесетін препараттарды қомақты ақшаға ондаған атлеттерге тағайындаған британдық дәрігер Марк Бонардың тергеуін жариялады, деп хабарлады Би-би-би.

Бұл спортшылардың ішінде ағылшын футболының жоғары дивизионының ойыншылары, белгілі теннисшілер, велошабандоздар және крикет бойынша ағылшын құрамасының бір ойыншысы бар. Бұл препараттарға спортшылар мың фунт стерлинг жұмсаған.
Газет жасырын камераға Бонар стероид, эритропоэтин және өсу гормандары бар препараттарды 150-ге жуық кәсіби спортшыларға тағайындағанын айтып жатқан жазбаны ұсынды.
Алайда Бонар атлеттерге допинг тағайындағаны туралы тағылған айыппен келіспейді. Оның айтуынша, ол дәріні спорттық жетістіктерді жақсарту үшін емес, спортшыларды ауруларынан емдеп, денсаулықтарын қолдау үшін жазып берген.
Британия билігі британдық допингке қарсы агенттік бұл жағдайға қандай әрекет қолданғанына тергеу жүргізуді тапсырды.