Допты хоккей: «Ақжайық» қорытынды матчында мәскеулік команданы жеңді

хоккей
Фото: instagram.com/sc_akzhayik_07

ИРКУТСК. KAZINFORM -  Ресейдің Иркутск қаласында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік  жарыстың финалдық турнирінде Оралдың «Ақжайығы» қорытынды матчын өткізді.

Б тобында Николай Шавалдиннің шәкірттері «Динамо-2» (Мәскеу) командасымен айдынға шықты.

Тартысты өткен ойында оралдықтар 6:4 есебімен басым түсті.

«Ақжайықтан» ресейлік сұрмерген Максим Пахомов бес голдың авторы атанса, тағы бір допты қарсылас қақпасына Дәурен Оралов енгізді.

Осылайша, «Ақжайық» өз тобында үш кездесуінде ұтылып қалса, екеуінде жеңіске жетіп, 6 ұпайға ие болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» «Строитель» командасынан жеңілгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар