Допты хоккей: «Ақжайық» түзде «Строитель» командасынан жеңілді
ИРКУТСК. KAZINFORM — Иркутск қаласында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың финалдық турнирінде «Ақжайық» (Орал) тағы бір кездесуін өткізді.

Бұл жолы оралдықтар «Строитель» (Сыктывкар) командасымен айдынға шықты.
Ресейлік сұрмерген Максим Пахомов қатарынан үш гол соғып, «Ақжайық» ойынды жақсы бастағанымен, сол қарқынынын көп өтпей жоғалтып алды. Ал, «Строитель» командасы 8:5 есебімен жеңіске жетті.
Оралдықтардан қарсылас қақпасына И.Захаров, М.Пахомов тағы бір-бір голдан енгізді.
Николай Шавалдиннің шәкірттері Б тобында 12 наурыз күні соңғы бәсекесін «Динамо-2» (Мәскеу) командасымен өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын допты хоккейден финалдық турнирде «Ақжайық» тартысты матчта жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.