Допты хоккейден «Ақжайық» жаңа маусымды ірі жеңіспен бастады

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымды ірі жеңіспен бастады, деп хабарлайды Kazinform.

допты хоккей
Фото: "Ақжайық" спорт клубы

Батысқазақстандық бенди шеберлері Оралдағы «Жастар» стадионында «Ак Барс-Динамо-2» командасын қабылдап, 7:1 есебімен ойсырата ұтты.

допты хоккей
Фото: "Ақжайық" спорт клубы

Айдын иелерінен ресейлік легионер Артем Лапшин хет-трик авторы атанса, команда капитаны Максим Өтебалиев қарсыластың қақпасына қос доп енгізді. Тағы бір ресейлік Максим Пахомов және Қуаныш Маймақов бір-бір голдан соқты.

Қазандық клубтан Кирилл Лисин ғана көзге түсті.

Қос команда 21 желтоқсан күні екінші кездесуін өткізеді.

допты хоккей
Фото: "Ақжайық" спорт клубы

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайық» допты хоккей клубының болашағы қалай болмақ екендігін жазған едік.