17:01, 01 Ақпан 2025 | GMT +5
Допты хоккейден Қазақстан чемпионатында БҚО құрамасы үздік шықты
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында допты хоккейден Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Жарысқа барлығы 5 команда қатысып, бақ сынады.
Біріншілік қорытындысында БҚО құрамасы жеңімпаз атанса, Хромтау қаласы екінші, Астана командасы үшінші орынға ие болды.
Батысқазақстандықтар финалда хромтаулықтарды 11:0 есебімен ұтты.
Батысқазақстандық Нұрбол Бөкешов үздік ойыншы атанды.
«Ақжайық» командасының бас бапкері Николай Шавалдин Қазақстанның басқа да аймақтарында допты хоккейге барынша көңіл бөлу қажеттігін атап көрсетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын допты хоккейден «Ақжайық» ойыншылары гол мен пас беруден алда келе жатқанын жазған едік.