Допты хоккей: «Ақжайық» кезекті жеңісіне қол жеткізді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар» стадионында Орынбордың «Локомотив» командасымен өткен екінші ойын да «Ақжайықтың» пайдасына шешілді.

Оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері өз басымдылықтарын голға айналдыра білді. Ойынның бірінші кезеңінде Петр Грибанов, Сергей Башаев және Максим Пахомов екі мәрте мергендігімен көзге түсіп, есепті 4:0-ге жеткізді. Бұған «Локомотивтен» Алексей Баданин бір голмен жауап қайырды.

Екінші таймда қонақтар (Сергей Ромашов) тағы бір гол соғып, есепті қысқартқандай болған. Дегенмен Қуаныш Темірәлин «Локомотивтің» қақпасына жекедара шығып, өз мүмкіндігін мүлт жібермеді – 5:2. Бұдан кейін «Ақжайықтың» сұрмергені Михаил Пахомов 12 метрлік пенальтиді дәл орындады. «Локомотивтен» С.Баданин екінші голын соққанымен, П.Грибанов матч нүктесін қойды – 7:3.

Бұл кездесуден кейін 22 ұпай жинаған оралдықтар екінші топта үшінші орында келеді. Көш басындағы «Маяктың» (Краснотурьинск) 36, екінші орындағы «Знамя-Удмуртияның» (Воткинск) 27 ұпайы бар. Ресейдің жоғары лигасында үш топ бар. Әр топтан үздік екі команда финалдық сайыстарға жолдама алады.

«Ақжайық» келесі ойындарын сырт айдында өткізеді. 13-14 қаңтарда Қазанда «Динамо-Қазан-2» командасымен ойнайды. Бұл клубтан ұпай олжалауға толық мүмкіндік бар. Содан кейін 17-18 қаңтарда Воткинскіде «Знамя-Удмуртия» командасымен күш сынасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» орынборлық команданы ойсырата ұтқанын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар