Допты хоккей: «Ақжайық» «Никельщиктен» жеңіліп қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» кезекті ойынын Верхний Уфалейде жергілікті «Никельщикпен» өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бірінші таймда айдын иелері 6:3 есебімен алға шықты. Ойынның екінші кезеңінде командалар үш-үштен гол соқты. Қорытынды есеп - 9:6.

«Ақжайықтан» ресейлік легионер Александр Чкалов хет-триктің авторы атанса, команда капитаны Максим Өтебалиев, сондай-ақ Андрей Гущин, Петр Грибанов бір-бірден гол соқты.

Бұл ойыннан кейін 32 ұпай жинаған «Никельщик» командасы екінші топта 30 ұпайы бар «Ақжайықтың» алдына түсіп, төртінші орынға көтерілді.

Ертең қос команда екінші кездесуін өткізеді.

Соңғы жаңалықтар