Допты хоккей: «Ақжайық» Орынборда екінші рет жеңілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» Орынборда «Локомотив» командасымен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Допты хоккей: «Ақжайық» Орынборда екінші рет жеңілді

Матч басталысымен-ақ ойын тізгінін қолға алған айдын иелері 5:1 есебімен жеңіске жетті.

«Локомотивтен» Сергей Ромашов төрт голдың авторы атанса, тағы бір допты Дмитрий Артеменко енгізді.

«Ақжайықтан» ресейлік Максим Пахомов жалғыз голмен жауап қайырды. Бұл – М.Пахомовтың осы маусымдағы 38-інші голы.

Осылайша Николай Шавалдиннің шәкірттері үшінші топта бесінші орында тұрған командаға екінші рет есе жіберді.

Енді «Локомотивпен» өтетін екі ойында «Ақжайыққа» қалайда үш ұпай алу қажет-ақ. Тек сонда ғана үздік үштіктен көрінеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 21 гол соғылған матчта «Ақжайықтың» ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.