Допты хоккей: «Ақжайық» өз айдынындағы алғашқы ойында ірі есеппен жеңіске жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін «Ақжайық» алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Бүгін Оралдағы «Стеновик» стадионында «Динамо-Қазан-2» командасын қабылдаған батысқазақстандықтар 8:1 есебімен жеңіске жетті.

«Ақжайық» спорт клубының директоры Азамат Шайхының айтуынша, Андрей Гущин төрт голдың авторы атанды. Сондай-ақ, Петр Грибанов қарсыластар қақпасына 2, Болат Мұхит пен Еламан Әліпқалиев бір-бірден гол соқты. Бұған қонақтардан Александр Семенов бір ғана голмен жауап қайтара алды.

Бұл - батысқазақстандықтардың биылғы маусымдағы бірінші жеңісі.

Ертең ресейлік маман Владимир Кожевников жаттықтыратын оралдықтар «Динамо-Қазан-2» командасымен екінші ойынын өткізеді.

Еске сала кетейік, мұның алдында «Ақжайық» сырт айдындағы төрт кездесуінде қарсыластарынан ұтылып қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар