Допты хоккей: «Ақжайық» «Саяны» командасына есе жіберді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Сыктывкар қаласында мәреге жақындаған финалдық турнирде Оралдың «Ақжайығы» бүгін Абаканның «Саяны» командасымен айдынға шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Допты хоккей: «Ақжайық» «Саяны» командасына есе жіберді

Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, ойын барысында абакандық хоккейшілердің басымдылығы айқын байқалып, олар 7:3 есебімен жеңіске жетті. «Ақжайықтан» команда капитаны Максим Өтебалиев, ресейлік шабуылшы Сергей Башаев және жас қорғаушы Андрей Гущин гол соғып, көзге түсті.

Финалдық турнирде жеңілістен көз ашпаған оралдықтар ертең соңғы ойында «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасымен күш сынасады.