ДОПТЫ ХОККЕЙ: «Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасын ұтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 желтоқсан күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасы екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» кезекті матчын өткізді.
Екатеринбургтың «СКА-Свердловск» командасын қабылдаған оралдықтар 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, айдын иелері бірінші таймда 5:1 есебімен алда тұрды. 21 желтоқсан күні командалар қарымта кездесуін өткізеді.
Осы ойыннан кейін 13 ұпай жинаған «Ақжайық» өз тобында бұрынғыша 6-орында келеді.