Допты хоккей: «Ақжайық» жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден «Жоғары лига» бүкілресейлік жарысының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымның беташар ойындарын Верхний Уфалейде жергілікті «Никельщик» командасымен өткізді.

Допты хоккей: «Ақжайық» жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 25 қараша күнгі бірінші кездесуде айдын иелері 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ал 26 қараша күнгі матчты жинақы өткізген батысқазақстандықтар қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктіріп, алғашқы үш ұпайға қол жеткізді.

Дмитрий Иванниковтың шәкірттері енді 28-29 қарашада Екатеринбургте «СКА-Свердловск» командасымен күш сынасады.