Допты хоккей: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ульяновск қаласында допты хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы норвегтерді 11:3 есебімен тізе бүктірді.

Допты хоккей: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Ресей допты хоккей федерациясынан алынған мәліметке қарағанда, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Алексей Никишов бастаған мамандар жаттықтыратын командадан Вячеслав Бронников төрт, Рауан Исалиев үш, Руслан Галяутдинов екі доптың авторы атанды. Максим Гавриленко мен Сергей Почкунов бір-бірден гол соқты.

Қазақстан құрамасы жартылай финалда Ресей-АҚШ жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұл матчта ресейліктер жеңуі тиіс.

Еске сала кетейік, айналым турнирінде қазақстандықтар 1 ақпан күні ресейліктерден 1:9 есебімен ойсырай жеңілген болатын. Жартылай финалда жеңіске жеткендер алтын, ұтылғандар қола жүлде үшін таласады.