Допты хоккей: Қазақстан құрамасы шведтерден ірі есеппен ұтылып қалды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Иркутск қаласында допты хоккейден әлем чемпионаты жалғасуда.
Кеше Қазақстан құрамасы шведтерден де ірі есеппен (2:11) ұтылып қалды. Ресейліктер 7:2 есебімен финдерді жеңді. Оның алдында қазақстандықтар ресейліктерден 1:10 есебімен тізе бүксе, шведтер 9:1 есебімен финдерді қапы қалдырған еді. Сонымен, алтын жүлдеден үміткер Ресей мен Швеция құрамалары 4 ұпаймен алда келеді. Ертең қазақстандықтар финдермен ойнайды.