Допты хоккей: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Иркутск қаласында допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ құрамасын бет қаратпай жеңді.

Допты хоккей: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

Бірінші таймда Алексей Никишовтың шәкірттері жауапсыз бес доп салса, ойынның екінші кезеңі 6:3 болып аяқталды. Жалпы есеп - 11:3.

Қазақстан құрамасы 1 ақпан күні жартылай финалда Швеция - Белоруссия жұбының жеңімпазымен кездеседі. Әрине, бұл жерде әлемнің әлденеше рет чемпионы - шведтердің бәсі басым. Қазақстандықтардың қарсыласы да сол болары анық.