Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» Орынборда «Локомотивті» ұтты
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» кезекті кездесуін Орынборда жергілікті «Локомотивпен» өткізді, деп хабарлайды ҚазАкпарат тілшісі.
Ресей допты хоккей федерациясынын сайтынан түскен мәліметке қарағанда, оралдықтар бірінші таймда 1:2 есебімен жеңілгенімен, ойынның екінші кезеңінде соның есесін артығымен қайырды. Сөйтіп «Ақжайық» 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Осы матчтан кейін 10 ұпай жинаған оралдықтар ертең Орынборда «Локомотивпен» екінші ойынын өткізеді.