Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» тағы да ұтылып қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Сыктывкар қаласында өтіп жатқан финалдық турнирде Оралдың «Ақжайығы» сәтсіз өнер көрсетуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» тағы да ұтылып қалды

Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бұл жолы оралдықтар айдын иелері «Строитель» командасына төтеп бере алмай, 3:7 есебімен жеңіліс тапты. Батысқазақстандықтардан команда капитаны Максим  Өтебалиев қос доптың авторы атанса, тағы бір голды оның аттасы, ресейлік легионер Максим Никишов соқты.

Осыған дейін Краснотурьинскінің «Маягынан» 3:5, Мурманскінің «Мурман» командасынан 0:7 есебімен ұтылған «Ақжайықтың» енді екі-ақ ойыны қалды. Олар сенбі күні «Саяны» (Абакан), жексенбіде «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) клубтарымен күш сынасады.