Допты хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін таласады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хабаровск қаласында допты хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалда шведтермен айдынға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аса тартысты өткен матчта қазақстандықтар өткен жылғы әлем чемпионына 4:5 есебімен есе жіберді. Бұл ойында қазақстандықтардан Артем Вшивков хет-триктің авторы атанса, тағы бір голды Руслан Галяутдинов соқты. Екінші жартылай финалда ресейліктер фин құрамасын 8:2 есебімен ұтты.
Осылайша, ертең шведтер мен ресейліктер алтын медаль үшін таласса, қазақстандықтар мен финдер қола жүлдеге ие болу үшін айдынға шығады.