Допты хоккейден ӘЧ: Ресей құрамасы чемпион атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ресейдің Хабаровск қаласында допты хоккейден әлем чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Допты хоккейден ӘЧ: Ресей құрамасы чемпион атанды

Финалда осы спорт түрінен ең мықты саналатын ресейліктер мен швециялықтар күш сынасты. Аса тартысты өткен матчты айдын иелері сәтті бастап, Алмаз Миргазовтың қос голынан кейін 2:0 есебімен алға шықты. Дегенмен швециялықтар да қарап қалмай, Пер Хельмюрс есепті қысқартты. Бұдан кейін Алан Джусоев 3:1-ге жеткізді.

Екінші таймда Юхан Лефстедт мергендігімен көзге түссе, оған Максим Ишкельдин жауап қайырды. Бұдан соң Даниэль Берлин мен Адам Гильям гол соғып, таразы басын теңестірді. 78-минутта А.Миргазов ойын нүктесін қойды.

Осылайша, ресейліктер 5:4 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды. Сөйтіп өткен жылғы есені қайырды. Швецияда өткен былтырғы чемпионатта айдын иелері топ жарған болатын.

Еске сала кетейік, кеше дәл осындай есеппен жартылай финалда қазақстандықтар шведтерге жол берген болатын. Содан кейін арыны басылып қалды ма, бүгін Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін бәсекеде финдерге 4:8 есебімен ұтылды. 

Фото: rg.ru