Допты хоккейден әлем чемпионатының қола медалі Қазақстан құрамасының қанжығасын майлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің допты хоккейден құрама командасы өткен жылғы әлем чемпионы атағын қорғап, біріншіліктің финалдық кездесуінде шведтерді ұтып кетті.
Утро.ру ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иркутскідегі «Труд» стадионында өткен ақтық ойында ресейліктер қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түсті. Ал қола медаль Қазақстан құрамасының қанжығасын майлады. Айта кетейік, 2015 жылғы допты хоккейден әлем чемпионаты Хабаровскіде өтеді.