Допты хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалында өнер көрсететін болады

ОРАЛ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазан қаласында өтіп жатқан допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші кездесуінде де жеңіске жетті.

Допты хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалында өнер көрсететін болады

Бұл жолы қазақстандықтар АҚШ құрамасын 7:2 есебімен тізе бүктірді. Олар бірінші матчта дәл осындай есеппен Норвегия құрамасын жеңген болатын. Ресейліктер кеше күтпеген жерден финдерге 3:4 есебімен есе жіберсе, шведтер норвегтерді 12:0 есебімен ойсырата ұтты.

Қалған матчтардың нәтижесіне қарамастан Қазақстан үздік төрттіктің қатарында жүлделі орындар үшін таласатын болады.