Допты хоккейден Қазақстан құрамасы төртінші орынға табан тіреді

ОРАЛ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Швецияның Вестерос қаласында аяқталған допты хоккейден әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы төртінші орынға табан тіреді,

Допты хоккейден Қазақстан құрамасы төртінші орынға табан тіреді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Александр Ионкин баптайтын қазақстандықтар үшінші орын үшін болған бәсекеде фин құрамасынан 5:7 есебімен жеңіліп қалды. Финалда Швеция мен Ресей құрамалары күш сынасып, 6:1 есебімен айдын иелері жеңіске жетті. Сөйтіп шведтер тоғызыншы рет әлем чемпионы атанды.