Допты хоккейден Қазақстан құрамасына «Ақжайықтан» екі ойыншы алынды

ОРАЛ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Қазақстан құрамасына Оралдың «Ақжайығынан» екі ойыншы алынды, команда капитаны Владислав Новожилов пен қақпашы Ілияс Хайрекешев Швецияда қаңтардың 18-25-інде өтетін кезекті әлем чемпионатына қатысады.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне команда бастығы Сәулет Рафиков хабарлады. Оның айтуынша, ел құрамасы сапында, сондай-ақ Оралдан түлеп ұшып, қазір Ресей командаларында ойнап жүрген Леонид Бедарев пен Денис Максименко («Старт», Нижний Новгород), Рауан Исалиев («Водник», Архангельск), Ескендір Нұғыманов («Зорький», Красногорск) қатысады. Бұл чемпионат 2011 жылғы қысқы Азия ойындарында жеңістен басты үміткер боп саналатын Қазақстан құрамасы үшін кезекті шеберлік жинау турнирі болып табылады. Қазақстандықтардың бас бапкері ? белгілі хоккейші Александр Ионкин.
Соңғы жаңалықтар