Допты хоккейден Қазақстан спартакиадасы ойындары Орал қаласында өткізіледі

ОРАЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақпанның 22-28-інде допты хоккейден Орал қаласында Қазақстан спартакиадасы ойындары өткізілмек,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш жарысқа Алматы, Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Қызылорда, Ақтөбе, Талдықорған және Орал қалаларынан барлығы тоғыз команда қатыспақ. БҚО командасын белгілі бапкер, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәулет Рафиков бәйгеге қоспақ. Бұл сында бірінші орын алған команда ойыншыларына спорт шебері атағы беріледі. Спартакиада кездесулерінде 2011 жылы Астана мен Алматыда өтетін Қысқы Азия ойындары қатысатын хоккейшілер де біртіндеп іріктеле бастамақ.
Соңғы жаңалықтар