Допты хоккейден қазақстандықтар Беларус құрамасын жеңді

ОРАЛ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Швецияның Вестерос қаласында өтіп жатқан допты хоккейден әлем чемпионатында «А» тобында алғашқы ойындардың нәтижелері белгілі болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстандықтар Беларус құрамасын 7:5 есебімен ұтты. Чемпиондықтан басты үміткерлердің бірі Ресей Норвегияны 19:0 есебімен ойсырата жеңсе, айдын иелері шведтер финдерден 8:1 есебімен басым түсті. Бұған дейін әлем чемпионаттарында екі мәрте қола жүлдегер атанған, Александр Ионкин бастаған бапкерлер жаттықтыратын Қазақстан құрамасы жартылай финалға шығып, жүлделі орындарға таласуы үшін қаңтардың 22-сінде болатын ойында басты қарсыласы Норвегияны ұтуы керек.
Соңғы жаңалықтар