«Дос» қызын зорлап келген жасөспірім тоғыз жылға бас бостандығынан айрылды - БҚО

ОРАЛ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Орал қаласы мектептерінің бірінде 10-сыныпта оқыған 17 жасар жасөспірім өзінің 14 жасар «дос» қызын төрт ай бойы зорлап келген.

«Дос» қызын зорлап келген жасөспірім тоғыз жылға бас бостандығынан айрылды - БҚО

Александр мен Анастасияның «махаббаты» достықтан басталған. Бір күні ол дос қызын жыныстық қатынасқа икемдейді. Бұл жағдай өткен жылғы ақпанда Жайық жағасында орын алған. Содан кейін бұл қарым-қатынас әр жерде жалғаса берген. Егер қыз бас тартса, оны жалаңаш күйінде ұялы телефонына түсіріп алған «жігіті» қорқытып-үркіткен. Тіпті күш қолданған. 25 мамыр күні соңғы қоңырауды атап өту қыздың таяқ жеуімен аяқталады. Оны анасы біліп қойып, бірден полицияға шағымданады.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің бірден үш 120, 121 және 122 баптары бойынша қозғалды. Кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін жасөспірім осылайша 9 жылға бас бостандығынан айрылды.