«Дос-Мұқасан» ансамблі әншісінің басы дауға қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» компаниясы полицияға «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Мұрат Құсайынов өз қызметкеріне қол көтерді деп шағым түсірді. Бұл туралы «Эйр Астана» корпоративті коммуникациялар департаментінің менеджері Тілек Абрахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 cәуірде «Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытындағы КС852 рейсінен тәртіп бұзған жолаушы шығарылды. Рейске отырғызу кезінде М. Құсайынов дауыс көтере сөйлеп, балағат сөздер айтты. Ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруіне байланысты экипаж оны тасымалдауға қабылдамағандықтан, әуе компанияның қызметкерлері көзінше М. Құсайынов қызмет көрсететін менеджердің маңдайынан қатты ұрып жіберген. Оның денсаулығына зақым келген», - деді Тілек Абрахманов.

Осы орайда, «Эйр Астана» жолаушылардың әуе компанияның қызметкерлеріне қатысты құқыққа қайшы әрекеттеріне төзбейтінін, сондай-ақ жәбірленген қызметкеріне жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді.

«Әуе компания Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы полицияның желілік бөлімшесіне сотқа дейінгі тергеу жүргізу және М. Құсайыновты жауапкершілікке тарту туралы тиісті арызды жолдады», - деді Т. Абрахманов.




Фото: anatili.kazgazeta.kz

Соңғы жаңалықтар