«Достарды еске алу» атты жарыс өтеді
АЛМАТЫ. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Асылбек Қасымхан/ - Қазанның 3-і мен 4-інші жұлдыздарында өтетін бұл шара Алматы қаласы спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы мен «Романтик» туристік клубы белсенділерінің ұйымдастыруымен өтпек,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кіші Алматы орманы жартастарында өтетін аталмыш шара биылғы жылы екінші рет өткізілмек. Сайыстың мақсаты қаза болған туристер мен алпинистерді еске алу болып табылады. Сайысқа жасы 14-тен жоғары, денсаулықтары жарамды адамдар қатыса алады. 1-3-ші орын иегерлері болған командаларға сыйлықтар беріліп, мақтау қаздарымен марапатталады.