13:34, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Достастық елдерінде өткен Әдебиет және кітап оқу жылының қорытындысы Бішкекте шығарылады
БІШКЕК. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғыз елордасында Достастық елдерінде өткен Әдебиет және кітап оқу жылының қорытындысы шығарылады.
Бұл шараның аясында сондай-ақ, қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 80 жылдығына арналған «Айтматов және замана» халықаралық форумы өткелі отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ақпанның 26-27-сінде өтетін шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым, мәдениет және өнер саласының өкілдері, дипломатиялық корпустар мен білім жүйесінің өкілдері қатысады. Қырғыз елордасында өткелі отырған бұл шара Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры жұмысының маңызды бір жетістігі болады деп күтілуде.