«Достастық кубогы» халықаралық турнирінде қазақстандық футболшылар өз тобында 2-орында келе жатыр

АЛМАТЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Санкт-Петербор қаласында жастар құрамалары арасында өтіп жатқан «Достастық кубогы» халықаралық турнирінде кеше Қазақстан мен Түрікменстан футболшылары арасындағы ойын 3:1 есебімен аяқталды.

«Достастық кубогы» халықаралық турнирінде  қазақстандық футболшылар өз тобында 2-орында келе жатыр

Есепті бірінші таймның 22-минутында  Байрамдурды Дурдыев жаттықтыратын түрікмен аяқдопшылары ашқан болатын. Екінші таймда оған  66, 73 және 90-минуттарда шабуылшы Сергей Лисенков пен Алексей Щеткин 3 доппен жауап берді. Онда алдымен 66-минутта «Ақтөбе» командасының ойыншысы С. Лисенков есепті теңестірген еді. Одан кейін 73 және 90-минуттарда «Жетісу» командасының сұр мергені А. Щеткин қарсыластар қақпасын  жауапсыз 2 доп соқты. Қорытынды есеп 3:1. Қазақстан құрамасы енді «А» тобындағы іріктеу сынының ақтық ойынын ертең «Эстония» футболшыларымен өткізеді. Олар алғашқы ойында Түрікменстанға 0:1 есебімен есе жіберген  болатын.  Жалпы 19-қаңтарда жалауын көтерілген бұл байрақты бәсекенің ширек финалдық ойыны  25-қаңтарда, ал жартылай және ақтық сындары 27, 29 қаңтар күндері болады.