Достастық кубогы: Қазақстандық футболшылар Мәскеу жастар құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан жастар құрамасы Достастық кубогындағы екінші ойынын өткізді.

Достастық кубогы: Қазақстандық футболшылар Мәскеу жастар құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті

Мәскеу жастар құрамасымен кездескен біздің футболшылар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймда Тоқтар Жаңғылышбай мергендігімен танылса, екінші таймда Роман Муртазаев есепті еселеді.

Бұл Қазақстан жастар құрамасының топтық турнирдегі екінші матчы. Бірінші ойында футболшыларымыз Беларусь құрамасынан 1:4 есебімен ұтылып қалған еді. Ал ертең, 28 қаңтарда Қазақстан мен Латвия құрамалары кездеседі.

Қазақстан құрамасының келесі кезеңге шығуға мүмкіндігі бар. Ол үшін Латвияны ірі есеппен жеңуі қажет. Ал Латвия осыған дейінгі екі ойынында да ұтты, деп хабарлайды "Аламан".