Достастық кубогы: Ресей Қазақстан құрамасын сүріндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Достастық кубогы жолындағы жарысын аяқтады.

Достастық кубогы: Ресей Қазақстан құрамасын сүріндірді

Ширек финалда біздің жігіттер Ресей құрамасынан ұтылып қалды. Бірінші таймды 1:1 есебімен тең аяқтаған. Ал екінші таймда қарсыластарымыз қақпамызға екі гол тоғытты. Қорытынды есеп- 1:3. Қазақстан сапынан бір голды Роман Муртазаев соқты.

Қазақстан 31 қаңтар күні 5-8 орын үшін Латвиямен күш сынасады, деп хабарлайды «Аламан».