Достастық кубогында ел намысын «Тобыл» қорғайды

АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - 15-23 қаңтар аралығында Санкт-Петерборда футболдан ТМД елдерінің Достасық кубогы үшін жарыс өтеді.

Достастық кубогында ел намысын «Тобыл» қорғайды

Бұл жарыста ел намысын алғаш рет Қостанайдың «Тобыл» командасы қорғайды.

Бұдан бөлек тағы 15 команда сынға түседі. Олар: «Зенит» (Санкт-Петербор, Ресей), «Шахтер» (Донецк, Украина), «Бунедкор» (Ташкент, Өзбекстан), «Экранас» (Паневежис, Литва), «Искра-Сталь» (Рыбница, Молдова), «Интер» (Баку, Әзербайжан), «Сконто» (Рига, Латвия), «Шахтер» (Солигорск, Беларус), «Флора» (Таллин, Эстония), «Истиклол» (Душанбе, Тәжікстан), «Нефтчи» (Кочкор-Ата, Қырғызстан), «Пюник» (Ереван, Армения), «Небитчи» (Балканабад, Түрікменстан), ХИК (Хельсинки, Финляндия), және Ресей жастар құрамасы.

ФИФА президенті Йозеф Блаттер мен УЕФА басшысы Мишель Платини жарыстың құрметті қонақтары болады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, аталған кубокты былтыр қазандық «Рубин» командасы иеленген еді.