«Достастық» Кубогында Қазақстан намысын қорғайтын футболшылар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның футболдан жастар құрамасының аға бапкері Саулюс Ширмялис Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін XXIII «Достастық» Кубогына Қазақстан намысын қорғайтын футболшылардың тізімін жасады.

«Достастық» Кубогында Қазақстан намысын қорғайтын футболшылар анықталды

Бүгінгі таңда құрама Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Дода 16 қаңтарда басталады.

Құрамаға шақырылған футболшылардың тізімі мынадай:

Қақпашылар - Станислав Павлов («Ақтөбе»), Андрей Неупокоев («Ақжайық»), Владимир Грошев («Қайрат»);

Қорғаушылар - Григорий Сартаков («Ертіс»), Темірлан Әділханов («Жетісу»), Рафқат Аслан («Тобыл»), Тимур Рудосельский («Қайрат»), Берік Шайықов («Астана»), Дмитрий Рыбалко («Оқжетпес»), Ислам Шадукаев («Бәйтерек»), Павел Халезов («Астана»);

Жартылай қорғаушылар - Магамед Узденов («Ақжайық»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Рауль Джалилов («Тобыл»), Антон Куксин («Оқжетпес»), Алексей Родионов («Атырау»), Ринат Хайруллин («Астана»), Иван Антипов («Ақжайық»), Мирас Түлиев («Каспий»);

Шабуылшылар - Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Рауан Сәриев («Ордабасы»), Әлішер Сүлей («Ертіс»), Максим Федин («Бәйтерек»).

Жалпы, турнирге 12 құрама қатысады деп күтілуде. Жеребеге сәйкес, командалар үш топқа іріктелді:

«А» тобы: Беларусь, Түркіменстан, Эстония, Финляндия;

«В» тобы: Молдова, Қырғыз Республикасы, Ресей, Латвия;

«С» тобы: ОАР, Литва, Тәжікстан, Қазақстан.

Алғашқы матчты Қазақстан 17 қаңтарда Тәжікстанға қарсы өткізеді.