Достастық кубогының ойындары «Мир» арнасы арқылы таратылады -ҚФФ
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық жанкүйерлер «Достастық кубогі - 2012» халықаралық турнирін «Мир» телеарнасынан тамашалай алады.
Айта кетейік, бұл арна «Алма тв», «Элитком» секілді Қазақстанның кабельдік операторларында ретрансляцияланады, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.
19 қаңтарда Астана уақытымен кешкі сағат 19:00-де «Мир» телеарнасы Ресей мен Қазақстан арасындағы матчты көрсетеді.
Жалпы әр ойын күнінен бір матчтан және ширек финал кездесулерін, жартылай финалдық текетірестер мен ақтық матчты көрсету жоспарлануда.
Айта кетейік, Сергей Хижниченко «Достастық кубогында» ойнайды.
Ұлттық құрамамыздың 20 жасар шабуылшысы Сергей Хижниченко «Достастық кубогы - 2012» турнирінде Қазақстан жастар құрамасының сапын күшейтетін болады.
«Ел біріншілігінің үздік сұрмергендерінің бірі, 2011 жылдың қорытындысы бойынша Премьер-лиганың символикалық құрамынан орын алған Хижниченко бұл турнирде жастар құрамасының ең тәжірибелі ойыншысы болмақ. Санкт-Петерборда шабуылшымыз командамызды тек алға сүйреп, нағыз көшбасшы бола біледі деп сенеміз»,-делінген федерациясының мәліметінде.
Атап айтқанда, Қазақстан жастар құрамасының «Достастық кубогы - 2012» турниріне қатысу үшін Ресейдің Санкт-Петербор қаласына аттанды.
Осыған орай, жастар құрамасының аға бапкері Слобадан Крчмаревич турнирге қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.
«Достастық кубогы - 2012» турниріне қатысатын Қазақстан жастар құрамасы:
Қақпашылар: Самат Отарбаев (Ордабасы), Денис Овсянников (Астана), Сергей Ткачук (Шахтер).
Қорғаушылар: Нұржарық Құнов (Қайрат), Ренат Баянов, Дмитрий Шомко, Елдос Ахметов (бәрі де - Ертіс), Евгений Горячий (Шахтер), Михаил Габышев (Восток), Дамир Дәуітов (Астана), Дмитрий Мирошниченко (Ақтөбе), Абзал Бейсебеков (клубсыз).
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат (Астана), Евгений Азаматов (Шахтер), Бауыржан Исламхан (Тараз), Евгений Левин (Ордабасы), Асхат Тағыберген (Қайсар), Абылайхан Ескендіров (БИИК).
Шабуылшылар: Денис Прокопенко (Астана), Бауыржан Жолшиев (Тобыл), Сергей Лисенков (Ақтөбе), Алексей Щеткин (Жетісу), Сергей Хижниченко (Шахтер).