Достастық кубогының ширек финалында «Ақтөбе» Беларус чемпионы «МТЗ-РИПО» клубымен ойнайды

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Ақтөбе» футбол клубы Мәскеуде өтіп жатқан ТМД және Балтық елдері чемпиондары кубогының турнирінде өзі сынға түскен «А» тобында бірінші орын алды.

Достастық кубогының ширек финалында «Ақтөбе» Беларус чемпионы «МТЗ-РИПО» клубымен ойнайды
Енді біздің команда жартылай финалға берілетін жолдамаға ие болу үшін Беларус чемпионы «МТЗ-РИПО» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Айта кетейік, «Ақтөбе» «А» тобында Ресейдің «Рубин», Арменияның «Арарат» және Өзбекстанның «Пахтакор» клубтарына қарсы ойнады. Жерлестеріміз топтық кезеңдегі бірінші ойынында «Араратты» 3:1, екінші кездесуінде «Рубинді» 2:0 есебімен жеңді. Үшінші матчта «Пахтакормен» 1:1 есебімен тең ойнады. Сөйтіп 3 ойында 7 ұпаймен өз тобында бірінші орын алып, келесі кезеңге шықты. Достастық кубогының ширек финалында сондай-ақ Молдованың «Шериф» және Латвияның «Вентспилис», Литваның «Экранас» және Өзбекстанның «Пахтакор», Әзірбайжанның «Интер» және Тәжікстанның «Регар-Тадаз» командалары кездеседі. Матчтар бүгін, қаңтардың 21-де өтеді.