«Достучаться до небес» фильмінің жұлдызы Алматыға келді
АЛМАТЫ. KAZINFORM. – Неміс актері Тиль Швайгер Алматыға келіп, Джеки Чанмен бірге «Доспехи Бога: Ультиматум» фильміне түседі.
Sәlem Entertainment әлеуметтік желілерде 80-нен астам фильмде актер ретінде өнер көрсеткен Тиль Швайгердің халықаралық киножобаға қосылғанын хабарлады.
– Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің түсіріліміне көпшілік культтік «Достучаться до небес», Квентин Тарантиноның «Бесславные ублюдки» және Гай Ричидің «Министерство неджентльменских дел» фильмдері арқылы танитын актер Тиль Швайгер қосылды. Жақында оны Джеки Чанмен бірге үлкен экраннан көретін боламыз, – делінген хабарламада.
Тиль Швайгер «Достучаться до небес» фильміндегі Мартин Брест рөлімен халықаралық деңгейде танылды.
Еске салсақ, Маңғыстау облысында әлемге әйгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін «Доспехи Бога 4: Ультиматум» халықаралық кино жобасының түсірілімі басталғаны хабарланды.
Бұған дейін Аида Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтағанын жазғанбыз.
Сондай-ақ Джеки Чанның сапары қарсаңында Алматыда қауіпсіздік күшейтілген еді.