"Достық-Алашанькоу" шекара өткелінен Қытайдан Еуропаға бет алған 3 мың жүк пойызы өтті
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан мен Қытайдың шекарасында орналасқан «Достық (ҚР) – Алашанькоу (КХР)» шекара өткелі арқылы өткен «Қытай-Еуропа» халықаралық теміржол жүк тасымалдау маршруттарының аясында жүк пойыздарының саны едәуір өсті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Қытай кеденінің деректеріне сілтеме жасап.
Жергілікті кеденнің дерегіне сай, көрсетілген уақыт аралығында «Алашанькоу», Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы құрлықтағы ірі шекара өткелі арқылы барлығы «Қытай-Еуропа» маршруттары бойынша жүрген 3 033 жүк пойызы өткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 41,07%-ға көп. Тасымалданған тауарлардың көлемі 56,08%-ға өсіп, 2,28 млн тоннаға жеткен.
Қытай кедені өкілдерінің айтуынша, «Алашанькоу» трансшекаралық өткізу пункті арқылы «Қытай-Еуропа» маршруты бойынша жүк пойыздарының қозғалысы тәулік бойы жүзеге асады, екі бағытта да жүк тасымалының тұрақты өсуі байқалады.
«Алашанькоу» шекара өкелі арқылы Қытайды Германия, Польша, Бельгия және басқаларын қосқанда, 13 елмен байланыстыратын 22 маршрут жүреді. Тасымалданатын жүктердің тауарлық номенклатурасы 200-ден аса тауар аттарын қосады.
Еске сала кетейік, 2013 жылға дейін Достық (ҚР) және Алашанькоу (ҚХР) станциялары арқылы өтетін шекара өткелі 1991 жылы қолдануға берілген сәттен бастап Қазақстан мен Қытайды байланыстыратын жалғыз теміржол қатынасы болды.
2012 жылдың желтоқсанында «Алтынкөл» (ҚР) – «Хоргос» (ҚХР) теміржол өткелі қолданысқа берілді.