Достық - Қазақстан халқының басты да, үстемді байлығы - Әзербайжан мәдени орталығының төрағасы В.Агаев

Бұл пікірін бүгін Астанада «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда 1 мамыр мерекесі құрметіне орай өткен салтанатты шарада журналистерге берген сұхбатында Әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы Видади Агаев білдірді.
В.Агаев сала мамандары мен ұлт өкілдерінің қатысуымен биыл Астанада, жалпы Қазақстанда алғаш өткен шеруге қатысты өз ойын білдіре келе, оның жастық шағы - Кеңестер одағында Қазақстанда осы сынды шерулер өтіп тұрғанын айтты. Бірақ бүгінгі шерудің ерекшелігі, ол тәуелсіз Қазақстан өтті.
«Тәуелсіз және нағыз демократиялы Қазақстанда 130-дан астам ұл өкілі өмір сүріп жатқаны қуантады және олар ұйыған айрандай тату да тәтті ғұмыр кешуде. Достық - Қазақстан халқының басты да, үстемді байлығы. Сондықтан бүгінгі тамаша мерекелік күні барша қазақстандықтарды мейраммен құттықтаймын. Әрбір қазақстандық отбасына жылулық пен береке, барлық істеріне сәттілік тілеймін», - деді ол.
В.Агаевтың айтуынша, Қазақстан жеріне алғаш әзірбайжандар 1920-шы жылы аяқ басты, 30-шы жылы көш қайта басталып, ол 48-ші жылға дейін жалғасты. «Оларды өз үйлерінен алшақтатып, қазақ жеріне күштеп қоныс аудартты. Бүгінде қазақ жерінде 250 мыңға жуық әзірбайжандық тұрады. Ұлы қазақ халқы олармен бір нанды үзіп жеді, қонақжайлықтарының арқасында олар өздерін үйдегідей сезінді, мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілін сақтап қалды. Қазақ халқын ұлы дейтін себебім, ол уақытта қазақтар да кедейдің күйін кешіп отырды. Әзірбайжандар сияқты олардың да бар байлығы тартып алынды. Мен әзірбайжан, шешен ұлттарының көптеген ақсақалдарымен сөйлесемін, олардың қазақ халқы туралы оң пікірі бір арнада тоғысады. Ал мені Қазақстанға ешкім жер аудартқан жоқ, 1980-ші жылы еңбек ету үшін өзім келдім. Сол уақыттан бері Қазақстанмен бірге жасасып келемін. Мен Бакуді Қазақстанды білгендей білмеймін. Қазір мен өзімді - қазақстандықпын деп үлкен мақтанышпен айтамын», - деп түйіндеді сөзін Мәдени орталықтың басшысы.