«Достық» менің ғана емес, бүкіл футболдың ордені - ФИФА президенті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Достық» менің ғана емес, бүкіл футболдың ордені. Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осылай айтты,

 «Достық»  менің ғана емес,  бүкіл футболдың ордені - ФИФА президенті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұған дейін Алматыдағы резиденциясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Йозеф Блаттерді футболды дамытуға қосқан үлесі үшін шетелдік азаматтарға берілетін ең жоғары награда - «Достық» орденімен марапаттаған болатын. «Мемлекет басшысымен Елбасы арадағы әңгімеміз өте қызу жағдайда өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы футболды қолдауға және спорттың бұл түрін дамытуға қызығушылығын байқатты. Футбол тек спорт қана емес, елдің дамуына әлеуметтік және гуманитарлық жағынан көмектесетінін де жақсы біледі. Біз сондай-ақ нәсілшілдік, допинг, жемқорлық сияқты мәселелер туралы да пікір алмастық. Қазіргі таңда Қазақстанда футбол таза ойын саналады», - дейді ФИФА президенті Й. Блаттер. Оның пайымдауынша, Қазақстанда футбол ойдағыдай дамып келе жатыр. Бұл бағытта көп жұмыстар тындырылды.