12:18, 12 Қараша 2011 | GMT +5
«Достық» стансасының кеденшілері жаңа пәтерлердің кілттерін алды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 12 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - ҚР Кеден қызметінің құрылған күнін мерекелеу қарсаңында «Достық» стансасының кеденшілері қоныс тойларын тойлады.
«Достық» кеденінің Ұйымдастыру жұмыстары және бақылау бөлімінің бастығы Баян Қабасованың айтуынша, 20 пәтерлі тұрғын үйдің символикалық кілтін кеденшілерге «НМС» ЖШС құрылыс компаниясының өкілі табыс етті.
Өз қызметкерлерін қоныс тойларымен «Достық» кеденінің бастығы Тобағабыл Серменов құттықтады.