«Досжан темір жолы» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы сайланды

Бұл туралы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.
«Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ «Досжан Темір Жолы» акцияларының 48,94%-ын иемденеді және оның ең ірі акционері болып табылады. ДТЖ-ның екінші ірі акционері 46,02% дауысқа түсетін акциялары бар «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ болып табылады.
ДТЖ Шығыс Қазақстан облысында жаңа теміржол жолдарын құруға бағытталған Қазақстандағы бірінші концессия жобасының операторы болып табылады. Компанияның бүгінгі таңда жүйелі түрде және жедел шешуді қажет ететін бірқатар мәселелері бар.
Қазақстанның инвестициялық қоры 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»-ға тиесілі даму институты болып табылады. Президент Жарлығына сәйкес «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-ның 100% акциясы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-на тапсырылуы тиіс.
ДТЖ Директорлар кеңесінің қайта сайланған төрағасы - Е. Кенжебеков Алматы қаласында дүниеге келген, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Экономика және Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
2003 жылдан бастап экономиканың шикізаттық емес секторындағы отандық және шетелдік қаржы ұйымдары мен компанияларында әр түрлі қызметтерді, атап айтқанда: «БТА Банк» АҚ активтерін қайта құрылымдау департаментінің директоры, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ проблемалы несиелер департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін Е. Кенжебеков «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып табылады.