Доу Джонс индексі 10 мың бағамнан асып түсті
НЬЮ-ЙОРК. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Сәрсенбі күнгі саудаларда Доу Джонс өнеркәсіптік индексі өсіп, ағымдағы жылы алғаш рет 10 мың бағамнан асты.
Осыдан 7 ай бұрын - наурыздың 9-ында - сауда 6547,05 межесінде аяқталған кезде, соңғы он екі жылдағы ең төменгі көрсеткіш тіркелген болатын.
«Ассошиэйтед пресс» байқаушылары инвесторлардың бұл жолғы оптимизмін Intel корпорациясы мен JPMorgan Chase&Co банкінің табысты тоқсандық есептерімен байланыстырып отыр. Индекстің көтерілуі қаржылық дағдарыс пен рецессиядан кейін экономиканың жандануының маңызды белгісі ретінде қарастырылады.