Доус пен Даллмэн ҚХЛ жұлдыздарының матчына қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше allstarweek.com сайтында жанкүйерлердің дауыс беру уақыты аяқталды. Нәтижесінде КХЛ жұлдыздарынан жиылған ойынға үздік деген 16 хоккейші іріктелді, деп хабарлайды sport.inform.kz.
21 қараша күні бастау алған дауыс беру кезеңі 10 күнге дейін жалғасты.
Чернышев дивизионы:
Қорғаушылар:
Кевин Даллмэн («Барыс») - 2995 дауыс
Филип Ларсен («Салават Юлаев») - 2759 дауыс
Шабуылшылар:
Найджел Доус («Барыс») - 4289 дауыс
Линус Умарк («Салават Юлаев») - 2483 дауыс
Бобров дивизионы:
Қорғаушылар:
Марк-Андре Граньяни («Динамо Мн») - 5964 дауыс
Дмитрий Калинин («Спартак») - 4153 дауыс
Шабуылшылар:
Эли Толванен («Йокерит») - 5819 дауыс
Илья Ковальчук («СКА») - 5598 дауыс
Тарасов дивизионы:
Қорғаушылар:
Стеффан Кронвалль («Локомотив») - 3453 дауыс
Никита Нестеров («ЦСКА») - 1998 дауыс
Шабуылшылар:
Кирилл Капризов («ЦСКА») - 3768 дауыс
Дмитрий Кагарлицкий («Северставль») - 2480 дауыс
Харламов дивизионы:
Қорғаушылар:
Андрей Марков («Ак Барс») - 3501 дауыс
Крис Ли («Металлург Мг») - 3351 дауыс
Шабуылшылар:
Сергей Моязкин (Металлург Мг») - 4238 дауыс
Владимир Ткачев («Ак Барс») - 2614 дауыс
Дауыс берудің бірінші кезеңі аяқталды. Енді журналистер өз пікірлерін білдіріп, әр дивизионға бір-бір қақпашыдан, қорғаушыдан және шабуылшыдан таңдайтын болады.