Dragon CRS-4 жүк ғарыш кораблі жүктелген міндетті аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Dragon CRS-4 (SpX-4) жүк көлік кораблі Тынық мұхитына қонды, деп хабарлады «Новости космонавтики» сайты.

 Dragon CRS-4 жүк ғарыш кораблі жүктелген міндетті аяқтады

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2014 жылғы 25 қазанда сағат 13:57-де (мәскеу уақыты бойынша 17:57) Canadarm-2 манипулятордың көмегімен корабль Harmony модулінен бөлініп, автономдық ұшырылды. Сағат 18:43-те UTC (мәскеу уақыты бойынша 22:43) Dragon CRS-4 қозғалтқышының тежелгіші іске қосылып, Жерге қарай бет алды.

Сағат 19:38-де UTC (мәскеу уақыты бойынша 23:38) қайта оралған корабль аппараты Калифорния штатының батысына қарай Тынық мұхитына қонды.

Корабль ХҒС-тан 1,5 тоннаға жуық жүк жеткізді.